Йонсен ҚПЛ-да мерзімінен бұрын чемпион атану мүмкіндігін жіберіп алғаны туралы пікір білдірді
Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергендерінің бірі, «Ордабасының» норвегиялық форварды Бьорн Йонсен «Жеңіспен» өткен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
ҚПЛ-ның 29-туры аясында елордалық клубқа қарсы өткен матч «Ордабасы» үшін Қазақстан чемпионатын мерзімінен бұрын жеңіп алуға мүмкіндік берді. Ол үшін «Ордабасы» футболшыларына жеңіс қажет еді, алайда қонақтар матч фаворитіне лайықты қарсылық көрсетіп, ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
«Біздің көңіліміз қалды. Әрине, азшылықта қалып, 0:1 есебінен кейін есепті теңестіргенімізді ескерсек, бұл жаман нәтиже емес. Енді «Қайрат» пен «Ақтөбе» матчында оқиғалардың қалай өрбитінін бақылаймыз. Чемпионатты жеңіп алуға әлі де бір мүмкіндігіміз болады. «Жеңіс» 20 тур ішіндегі ең үздік ойындарының бірін өткізді деуге болады.
Бізде көп нәрсе ойдағыдай болмады, допты бақылауымызға алу қиынға соқты. Бәлкім, менің голым соғылған сәтте төреші офсайдты тіркемегенде, ойын басқаша өрбитін еді. Қиын сәтте жинақталып, мақсатқа қарай ұмтыла беру — күштің белгісі шығар», - деді Йонсен.
Турнир кестесіндегі жағдай әлі де күрделі. «Ордабасының» қоржынында 68 ұпай бар, ал «Қайратта» 63 ұпай. Сонымен қатар жексенбі күні «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңе алмаса, «Ордабасы» ҚПЛ-дың алтын медальдарына ие болады.