«Бернли» Сәтпаевтан бас тартты ма?
Сенбі, 24 қазанда «Бернли» Чемпионшиптегі кезекті матчын өткізеді. Кездесу қарсаңында британдық БАҚ команданың «Линкольн Ситиге» қарсы келесі матчқа шығатын болжамды құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матч алдындағы баспасөз конференциясында бас бапкер Ники Хайен Дастан Сәтпаев жарақатынан айыққаннан кейін «Бернлидің» жаттықтырушылар штабы оның жүктемесін жіті бақылап, алаңдағы минут санын арттыруға асықпайтынын мәлімдеді.
Осыған байланысты Burnley Express басылымының пікірінше, қазақстандық Англияның күші жағынан екінші чемпионатының 12-туры аясындағы 24 қазанда Линкольндегі «ПроАмпак» стадионында өтетін және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталатын матчтың негізгі құрамындағы 11 ойыншының қатарында болмайды.
«Линкольн» - «Бернли». Сәтпаев ойнай ма? Онлайн көру. LIVE-трансляция
«Бернлидің» «Линкольнге» қарсы матчтағы болжамды негізгі құрамы
Грегуар Кудер; Кайл Уокер, Хьялмар Экдаль, Игор Жулио, Лукас Пирес; Макс Аллейн, Рео Хатате, Джош Лорент; Маркус Эдвардс, Ларжи Рамазани, Армандо Бройя.
Еске сала кетейік, жарақатынан айыққаннан кейінгі алғашқы матчында Сәтпаев «Уотфордқа» қарсы кездесуде 16 минут ойнады. Ал «Чарльтонмен» келесі ойынға тіпті өтінімге де енгізілмеді. Команданың бас бапкері Ники Хайен мұны «Челсидің» қазақстандық ойыншыға матчқа қатысуға тыйым салуымен түсіндірген еді.
10-турдағы матчты өткізіп алғаннан кейін Дастан «Вулверхэмптонға» қарсы кездесуде алаңға 29 минутқа шықты. Осылайша ол чемпионатта барлығы 5 ойынға қатысып, алаңда 249 минут өткізді, алайда әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.