locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кюрасао құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында керемет рекорд орнатты

Мундиальдағы халқы ең аз мемлекет
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Кюрасао құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуымен Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Осылайша, Кюрасао құрамасы әлем чемпионаттары тарихында теңдессіз жетістікке қол жеткізіп, мундиальға қатысып жатқан халқы ең аз ел атанды. Арал мемлекетінің халқы — 156 115 адам, деп мәлімдейді рекордтар кітабының баспасөз қызметі.

Салыстыру үшін: Қазақстанның солтүстігіндегі Ақмола облысының орталығы — Көкшетау қаласында 150,6 мың адам тұрады.

Бұл — әлем чемпионатына қатысатын елдер арасында тарихтағы ең аз халық санымен тіркелген рекорд.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Кюрасао Германияға жол берді. Ойын немістердің пайдасына 7:1 есебімен аяқталды. Енді Кюрасао Эквадор және Кот-д’Ивуар құрамаларымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie