locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Жайро Жан Ақтөбе футбол клубына оралды

Футбол
Дамир Кошечкин
Дамир Кошечкин
Журналист
Ресми: Жайро Жан "Ақтөбе" футбол клубына оралды
ФОТО: Актобе

26 жасар вингер Жайро Жан мансабын "Ақтөбе" клубында жалғастырады.

Гаитилік вингер өткен жылғы тамаша ойынымен ақ-қызылдарға жақсы таныс.

2024 жылы ол барлық турнирлерде жалпы 23 матч өткізіп, 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Енді Гаити құрамасының ойыншысы биыл да "Ақтөбе" сапында өнер көрсетеді.

"Қош келдің, Жайро!", - деп жазады ҚПЛ клубының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен маусымнан кейін Жан кувейттік "Аль-Кадисия" командасымен келісімшартқа отырған болатын. Бірақ Жайро ақыры бұл командада мансабын жалғастырғысы келмей, "Ақтөбеге" оралуды ұйғарды. Ойыншының мүмкіндігін жақсы білетін команданың бас бапкері Игорь Леонов оның оралуын құп көрді.

Кәсіби мансабында Жан Гаитидің "Сен Луи", *Америка де Ке" "Атлетико Сан-Кристобаль" және "Харабакоа" клубтарында және Боливияның "Реал Санта Крус" және "Олвейс Реди" клубтарында ойнады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie