locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ман Ситиде» алғаш рет ҚҚӘ бұзудың 115 эпизоды бойынша тергеу барысы туралы пікір білдірді

Клуб әлі де тәуелсіз комиссияның тергеу қорытындысын күтуде
«Ман Ситиде» алғаш рет ҚҚӘ бұзудың 115 эпизоды бойынша тергеу барысы туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Ситидің» қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзудың 115 фактісі бойынша ісі құпияға толы, өйткені бұл ағылшын футболы тарихындағы ең ірі әрі ең жабық процестердің бірі. Қазіргі вице-чемпион да осындай ұстанымда, деп хабарлайды Sports24.kz.

Манчестерлік клубтың басшысы Халдун Аль-Мубарак жыл сайынғы клуб баспасөз қызметіне берген сұхбатында бұл процеске алғаш рет пікір білдірді. Мұндайға дауласушы тараптар өте сирек барады. Алайда бәрі бір нәрсеге тіреледі: тергеу нәтижесін күту қажет:

«Мен әрдайым болғандай, бірізді болғым келеді: шешім шықпайынша, көп нәрсе айта алмаймын. Ал шешім қабылданған кезде, сеніңіздер, біз жақсылап отырып сөйлесеміз, мен соңғы үш жыл бойы айтқым келгеннің бәрін айтамын», — деді Аль-Мубарак.

Еске сала кетейік, «Манчестер Сити» қаржылық фэйр-плей ережелерін жүйелі түрде бұзды деп айыпталуда. 2023 жылдың ақпан айынан бері іс тәуелсіз комиссияда қаралып жатыр, ал 2024 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында «қалалықтардың» ұстанымы да тыңдалды.

Әзірге шешім жоқ, әрі әртүрлі дереккөздер бұл шешімнің қашан шығатыны немесе мүлде шығатыны жайлы түрлі болжам айтады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie