locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ең жақсысы алда»: Сатпаев «Челсиден» «Бернлиге» ауысуы туралы пікір білдірді

18 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы маусымды Чемпионшипте өткізеді
ФОТО: x.com/FabrizioRomano

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Бұл тек бастамасы. Жалға алу – мені күшейтетін жаңа тәжірибе. Ең жақсысы алда, Ин Шаа Аллах! Алға, Қазақ елі!🤲🇰🇿», – деп жазды Дастан өзінің Instagram парақшасында.

18 жастағы қазақстандық вундеркинд Англиядағы жаңа клубқа бір маусымға жалға ауысты.

Айта кетейік, бұл жалға алу Сатпаевтың «Кайраттан» «Челсиге» ауысқаннан кейінгі мансабындағы келесі кезең болмақ. 2025 жылы лондондық клуб алматылық тәрбиеленушіні сатып алуға келіскен, алайда Дастан Англияға тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана өте алатын еді.

Кәмелеттік жасқа толған соң Қазақстан құрамасының шабуылшысы «ақсүйектермен» алты жылдық келісімшартқа қол қойып, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен негізгі командаға қосылды.

Айта кетейік, «Бернли» өткен маусым қорытындысы бойынша Англия премьер-лигасынан шығып қалып, жаңа маусымды Чемпионшипте (Англияның екінші деңгейлі дивизионы) бастайды.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie