locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы дебюті қашан өтуі мүмкін?

18 жастағы қазақстандық футболшы жаңа команда сапындағы алғашқы мүмкіндігін алдағы матчта алуы ықтимал
Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы дебюті қашан өтуі мүмкін?
ФОТО: ФК Бернли

Дастан Сәтпаев Англиядағы мансабының жаңа кезеңін ресми түрде бастады. 18 жастағы қазақстандық шабуылшы «Челсиден» «Бернлиге» маусым соңына дейін жалға ауысты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Сәтпаев жаңа команда сапында алғаш рет алаңға 16 тамызда шығуы мүмкін. Бұл күні «Бернли» «Вест Хэммен» кездеседі. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Дегенмен қазақстандық футболшының бұл ойында алаңға шығатынына әзірге кепілдік жоқ. Барлығы «Бернлидің» бапкерлер штабының шешіміне, Дастанның дайындығына және матчқа өтінімге енуіне байланысты. Соған қарамастан, «Вест Хэмге» қарсы кездесу Сәтпаевтың жаңа клубтағы алғашқы ойынына айналуы мүмкін.

ФОТО: Flashscore

Сәтпаев «Челсиге» толыққанды қосылғаннан кейін көп ұзамай «Бернлиге» аттанды. 18 жасқа толған соң «Қайрат» түлегі лондондық клубпен жеті жылдық келісімшартқа қол қойды. Келісімде оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Жалға берілгенге дейін қазақстандық футболшы «Челсидің» негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы дайындықтан өтті. Сәтпаев бірнеше жолдастық кездесуде алаңға шығып, лондондық клуб сапындағы алғашқы голын да соқты. Ол «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы ойында жетінші минутта мергендігімен көзге түсті.

«Бернлиге» ауысқаннан кейін Дастан бұл қадамды мансабындағы жаңа белес әрі ағылшын футболында тәжірибе жинауға берілген мүмкіндік деп бағалады. Сондай-ақ қазақстандық шабуылшы жаңа командасының Премьер-лигаға қайта оралуына көмектескісі келетінін айтты.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie