Астыртын жоспар: УЕФА Инфантиноды қызметінен шеттетуді көздеп отыр
Әлемдік футболда ірі саяси төңкеріс пісіп жетілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Британдық talkSPORT басылымының дерегінше, УЕФА-ның президенті Александр Чеферин мен Еуропалық клубтар қауымдастығының төрағасы Нассер Әл-Хелаифи бастаған ұйым басшылығы Джанни Инфантиноды ФИФА президенті қызметінен кетіруге шындап ниеттеніп отыр.
Олардың арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына ФИФА-ның жеке инвесторларды тарту және турнирлеріндегі үлестерді сату бойынша сәтсіз коммерциялық әрекеті түрткі болды. Бұл шешім біржақты қабылданды деп сынға ұшырады және наразылық тудырды.
Егер Инфантино өз еркімен отставкаға кетуден немесе наурыздағы сайлауға дейін кандидатурасын алып тастаудан бас тартса, Чеферин ресми сенімсіздік вотумын бастауға дайын. Мұндай төтенше шешім қабылдануы үшін ұлттық қауымдастықтардың 20% (211-дің 43-і) қолдауы қажет, ал УЕФА-ның 55 мүше федерациясы бұл межені өз бетімен еңсере алады. ФИФА президентін қызметінен толықтай шеттету үшін кезектен тыс конгрессте жай ғана көпшілік — 106 дауыс жеткілікті болады.
Әлемдік футболдың жоғарғы қызметіне ықтимал мұрагер немесе балама үміткер ретінде КОНКАКАФ президенті Виктор Монтальяни мен Азия футбол конфедерациясының басшысы шейх Салман бин Ибрагим Әл-Халифа қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп Инфантиноға қатысты ФИФА-ны қатты ескерткен еді.