locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Here we go «Kazakhstan» әуенімен: Романо Сәтпаевтың трансферін ерекше жариялады

Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтың жаңа клубын өз стилінде растады
Here we go «Kazakhstan» әуенімен: Романо Сәтпаевтың трансферін ерекше жариялады
ФОТО: Getty images

Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо Дастан Сәтпаевтың мансабындағы жаңа кезеңге қатысты ақпаратты растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы қазақстандық футболшы Англиядағы мансабын жалғастырады. Романо Сәтпаевтың «Бернлиге» ауысуы жөнінде келісім жасалғанын хабарлап, жаңалықты өзінің әйгілі Here we go тіркесімен жеткізді.

Қазақстандық жанкүйерлердің назарын жарияланымның безендірілуі де аударды. Романо Сәтпаевтың трансфері туралы жазбасына ұлттық реңк беріп, Kazakhstan атты қазақ композициясын қосты. Осылайша, әлемге танымал футбол инсайдері жас ойыншының Қазақстаннан шыққанын ерекше атап өтті.

Сәтпаевтың есімі Романоға бұрыннан таныс. Дәл осы италиялық журналист 2025 жылдың қаңтарында алғашқылардың бірі болып «Челсидің» «Қайрат» түлегін трансферлеу жөнінде келісімге келгенін хабарлаған еді. Сол кезде де инсайдер өзінің әйгілі Here we go тіркесін қолданды. Кейін қазақстандық футболшының лондондық клубқа ауысқаны ресми түрде расталды.

Енді бұл оқиға Сәтпаев кәмелет жасына толғаннан кейін жалғасын тауып отыр. Қазақстандық футболшы ресми түрде «Челси» ойыншысы атанып, негізгі құраммен бірге маусым алдындағы дайындықтан өтті және жолдастық кездесулерде өзін көрсетуге мүмкіндік алды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie