locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» әкесінің қайтыс болуына байланысты Лионель Мессиге көңіл айтты

Мадридтік клуб Хорхе Мессидің қайтыс болуына байланысты аргентиналық футболшы мен оның отбасына қолдау білдірді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Реал» әкесінің қайтыс болуына байланысты Лионель Мессиге көңіл айтты
ФОТО: Getty images

Мадридтік «Реал» Лионель Мессидің әкесінің қайтыс болуына байланысты мәлімдеме жасады. Испаниялық клуб «Барселонаның» бұрынғы капитаны мен оның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Хорхе Месси 8 тамызда дүниеден өтті. Сегіз дүркін «Алтын доп» иегерінің әкесі ұзақ жылдар бойы Лионельдің ең жақын адамдарының бірі болып, оның өмірінде ғана емес, кәсіби мансабында да маңызды рөл атқарды.

«Реал» мен «Барселона» арасындағы көпжылдық бітіспес бәсекелестікке қарамастан, мадридтік клуб қайғылы жағдайға бейжай қарамады. Корольдік клубтың ресми парақшаларында Месси отбасына арналған көңіл айту хаты жарияланды.

«Реал», клуб президенті және директорлар кеңесі Хорхе Мессидің қайтыс болуына байланысты қатты қайғырады. Клубымыз Леоға, оның отбасына және барлық жақындарына көңіл айтады. Жатқан жері жайлы болсын», - делінген мадридтік клубтың мәлімдемесінде.

Хорхе жиырма жылдан астам уақыт бойы ұлының мүддесін қорғап, оның мансабындағы маңызды шешімдердің қабылдануына атсалысты. Дәл өзі 13 жастағы Лионельді Росариодан Барселонаға көшкен кезде бірге алып барып, кейін футболшының келісімшарттары мен трансферлеріне қатысты келіссөздерді жүргізді.

Бұған дейін Sports24.kz Хорхе Мессидің Лионельдің өмірі мен мансабында қандай рөл атқарғаны - оның Барселонаға тағдыршешті қадамынан бастап, футбол тарихындағы ұлы ойыншылардың бірінің агенті болған кезеңіне дейін баяндаған.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie