locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселонадағы» қақтығыс: жұлдызды ойыншы басшылықпен мәселеге тап болды

«Блауғрана» лагерінде де Йонгтың денсаулығына байланысты шиеленіс күшейіп келеді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг клуб басшылығымен келіспеушілікке тап болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Diario Sport-тың мәліметінше, «Барселонаның» нидерландтық жартылай қорғаушысы емдеу тәсілдері бойынша клуб басшылығымен келіспеушілікке ұшыраған. Айта кетейік, ойыншы тізе жарақатына байланысты «блауғрана» сапында тұрақты ойнай алмай жүр.

Де Йонг ота жасаудан бас тартып отыр, ал каталондық клуб оның қазіргі емдеу әдістері тиімсіз деп санап, операция — жалғыз сенімді шешім дейді. Нәтижесінде, «Барселона» медициналық қызметкерлері ойыншыға өз талаптарын қабылдатып, операцияға келісуге қысым көрсетуде.

Сондай-ақ клуб Френкидің былтырғы маусымда Әлем чемпионатына дайын болуға тырысқанын, ал оның қалпына келу мерзімі «Барселона» айтуынша, бастапқы жоспардан әлдеқайда асып кеткенін күдікпен қарауда.

Бас бапкер Ханси Флик те бұл жағдайға риза емес және мәселенің тез арада шешілгенін қалайды.

2025/26 маусымында де Йонг «блауғрана» сапында 33 матч өткізіп, бір гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, бұған дейін Ферран Торрес ПСЖ-ға ауыса ма, жоқ па белгілі болған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie