locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барселона» Араухоға күтпеген ауыстыру тапты

Деку мен Флик «РБ Лейпциг» қорғаушысы Лукебаға бірдей тәнті
ФОТО: Getty Images

«Барселона» Рональд Араухо «Ливерпульге» кеткеннен кейін, «РБ Лейпцигтің» орталық қорғаушысы Кастелло Лукебаны трансферлік тізіміне қосты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Sport мәліметінше, 23 жастағы француз қорғаушысы 30 миллион еуродан жоғары бағаланып отыр және оның кандидатурасын спорт директоры Деку мен бас бапкер Ханси Флик бірауыздан мақұлдаған. Жюль Кунденің болашағына қатысты белгісіздік жағдайды қиындата түседі, ал каталондықтарға Араухо 55 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға кеткен соң қорғанысты шұғыл қайта құру қажет болып отыр.

Лукебаға «Барселонаның» қызығушылығы тосын жаңалық емес — каталондық клуб бұл француз қорғаушымен осы жазда алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерген. Бірақ бәсекелестік өте жоғары болатыны анық: Лукеба секілді солақай орталық қорғаушыларға сұраныс жоғары, ал оған «Арсенал», «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Тоттенхэм» де көз тігіп отыр деген ақпарат бар.

«Лейпциг» жас жұлдызынан айырылғысы келмейді, бірақ неміс БАҚ-ы мәліметінше, клуб 80-90 миллион еуродан төмен бағада келіссөз жүргізуге дайын.

Бұған дейін, «Барселона» «Манчестер Ситиге» жаңа ұсыныс жасағаны хабарланған болатын.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie