locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» «Алавестен» қалай сенсациялық жеңіліс тапты: матчқа шолу

Моуриньюдің шәкірттері «Сантьяго Бернабеуде» күтпеген жерден жеңіліп қалды
Футбол
«Реал» «Алавестен» қалай сенсациялық жеңіліс тапты: матчқа шолу
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
28.11.2026, Аяқт.
Реал Мадрид
1
Алавес
2

Мадридтік «Реал» Испания чемпионатының 14-турында жеңісті сериясын жалғастыра алмады. Елордалық клуб өз алаңында «Алавеске» 1:2 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қонақтар кездесудің 22-минутында Тони Мартинестің дәл соққысының арқасында есеп ашты. Үзілістен кейін мадридтіктердің жағдайы одан әрі қиындай түсті. 61-минутта Анхель Перес баск командасының басымдығын еселей түсті.

69-минутта Килиан Мбаппе есеп айырмасын қысқартып, алаң иелеріне үміт сыйлады. Алайда Моуриньюдің шәкірттері таразы басын теңестіре алмады.

Кездесудің шешуші сәті матч соңында орын алды. Есеп 1:2 болып тұрған кезде бас төреші Сесар Сото Градо Джуд Беллингемнің айып алаңында құлауынан кейін пенальти белгіледі. Алайда бейнеқайталауды көрген төреші бастапқы шешімінен бас тартып, симуляция жасаған ағылшындық жартылай қорғаушыға екінші сары қағазын көрсетті. 88-минутта он ойыншымен қалған мадридтіктер жеңілістен құтыла алмады.

Ла Лига. 14-тур
«Реал» – «Алавес» – 1:2 (0:1)
Голдар:
Мартинес, 22 (0:1), Перес, 61 (0:2), Мбаппе, 69 (1:2).
Алаңнан қуылды: Беллингем, 88 («Реал»).

Осылайша, «Реал» барлық турнирдегі қатарынан он матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатып, биылғы маусымда алғаш рет өз алаңында жеңіліс тапты. 33 ұпайы бар мадридтік клуб Ла Лиганың турнир кестесінде үшінші орында тұр. Көш басындағы «Барселонадан» үш ұпайға қалып келеді. Оның үстіне каталониялық ұжым бір ойын кем өткізген.

Ал «Алавес» ұпай санын 19-ға жеткізіп, сегізінші сатыға көтерілді.

«Реал» келесі кездесуін 2 желтоқсанда сырт алаңда «Реал Сосьедадқа» қарсы өткізеді. Джуд Беллингем дисквалификацияға байланысты бұл матчқа қатыса алмайды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie