locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Қазақстандық әлем чемпионының киілген шұлығына 10 мың доллар ұсынған

Айгерім Әбілқадырова бейтаныс ер адамның тосын ұсынысы туралы айтты
Басқа спорт түрлері
Видео: Қазақстандық әлем чемпионының киілген шұлығына 10 мың доллар ұсынған
ФОТО: IG Айгерим

Қазақстандық дзюдошы, грэпплингтен әлем чемпионы Айгерім Әбілқадырова әлеуметтік желіде ерекше оқиғасымен бөлісті. Бейтаныс ер адам спортшының киілген шұлығы үшін 10 мың доллар төлеуге дайын екенін білдірген, деп хабарлайды Sports24.kz.

30 жастағы спортшының айтуынша, бейтаныс адам оған электрондық пошта арқылы хабарласып, бұрын киген киімдерін сатуға дайын ба екенін сұраған. Алғашында қазақстандық бұл ұсынысты әзілге балап, мән бермеген. Алайда кейін хабарламаға жауап беруді ұйғарып, қалжың ретінде қомақты соманы атаған.

«Басында мән бермедім, біреудің әзілі шығар деп ойладым. Біраз уақыттан кейін неге жауап бермеске деген ой келді. Ол еш қысылмастан шұлығымның қанша тұратынын сұрады. Мен де әзілдеп, 10 мың доллар деп жауап бердім», – деді Әбілқадырова.

Спортшыны таңғалдырғаны – бірнеше миллион теңгеге бағаланған шұлықтың құны сатып алушыны райынан қайтармаған. Керісінше, ер адам қосымша сұрақтар қоя бастаған.

«Таңғалғаным, бұл баға оны мүлде састырмады. Ол: «Жақсы, ал оны қанша уақыт кидің?» деп сұрады. Осы хабарламадан кейін жауап беруді тоқтаттым. Бірақ ол әлі күнге дейін күн сайын электрондық поштама хат жазып, шұлығымның жайын сұрайды», – деді Айгерім.

Әбілқадырова спорттағы жетістіктерімен қатар, әлеуметтік желідегі белсенділігімен де танымал. Бүгінде оның парақшасына 1,3 миллионға жуық адам жазылған.

Спортшы бес жасынан бастап дзюдомен айналысады, ал 2012 жылдан бері Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғап келеді. 2018 жылы грэпплингтен әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Miss Europe Continental халықаралық сұлулық байқауында жеңіске жетті.

Бұған дейін Әбілқадырова Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетуді және UFC-де өз бағын сынап көруді армандайтынын айтқан болатын. Қазақстандық спортшы соңғы рет ресми жарысқа 2025 жылы қатысты.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie