locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Геннадий Головкинге Өзбекстанда ерекше сыйлық табысталды

World Boxing президенті Ташкентте естелік сыйлық алды
Бокс
Видео:  Геннадий Головкинге Өзбекстанда ерекше сыйлық табысталды
ФОТО: boxinguzbekistan

World Boxing халықаралық ұйымының президенті Геннадий Головкин әлем кубогының финалдық кезеңі өтіп жатқан Ташкентке сапары барысында Өзбекстан бокс федерациясының арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық даңқты боксшыға қос алтын бокс қолғабы бейнеленген, есімі жазылған мүсінше табысталды. Осындай сыйлық World Boxing ұйымының вице-президенті қызметіне жақында тағайындалған Миршохид Тиллабаевқа да берілді.

Мүсіншенің тұғырындағы «Рингтен тыс бокстың чемпионына. 20.11.2026, Панама» деген жазу ерекше назар аудартты. Көрсетілген күн мен орын халықаралық ұйымның жуырда өткен конгресіне сілтеме жасайды.

Сыйлықтарды табыстау рәсімінен кейін Головкин мен Тиллабаев естелік мүсіншелерге өз қолтаңбаларын қалдырды.

Айта кетейік, World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылған бокстан әлем кубогының финалдық кезеңі Өзбекстан астанасында 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді.

Бұған дейін World Boxing президенті әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин дүбірлі дода қарсаңында Өзбекстанның бокс құрамасының өкілдерімен кездескен болатын.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie