locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» – «Алавес». Онлайн көру

Мадридтік клуб қатарынан он жеңіске жетіп, алдағы кездесуге жоғары қарқынмен келіп отыр
Футбол
«Реал» – «Алавес». Онлайн көру
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
28.11.2026, 15.00
Реал Мадрид
-
Алавес
-

28 қарашадан 29 қарашаға қараған түні Испания чемпионатының 14-турында мадридтік «Реал» өз алаңында «Алавесті» қабылдайды. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мадридтіктер ұлттық біріншіліктің кезекті кездесуіне Чемпиондар лигасында нидерландтық ПСВ-ны 5:1 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін келіп отыр. Осы жеңістің арқасында Корольдік клуб барлық турнирдегі жеңісті сериясын он матчқа дейін ұзартты.

Айта кетерлігі, ПСВ-ға қарсы кездесуде Жозе Моуриньюдің шәкірттері бірінші таймнан кейін есепте ұтылып жатқан еді. Алайда үзілістен соң мадридтіктер ойын барысын түбегейлі өзгертіп, қарсылас қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Килиан Мбаппе дубль авторы атанса, Федерико Вальверде, Джуд Беллингем және Винисиус Жуниор бір-бір голдан соқты.

Испания чемпионатында да «Реал» жақсы қарқын алған. Өткен турда мадридтік ұжым «Сельтаны» 2:1 есебімен жеңіп, 13 матчтан кейін 33 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында тұр.

Ал «Алавес» соңғы турда өз алаңында «Депортивоны» 3:1 есебімен ұтты. Баск елінің командасы 16 ұпай жинап, Ла Лигада тоғызыншы орында келеді.

Командалардың соңғы өзара кездесулеріндегі басымдық мадридтіктер жағында. «Реал» «Алавеске» қарсы өткізген соңғы тоғыз матчтың барлығында жеңіске жеткен. Екі ұжым арасындағы соңғы кездесу 2026 жылдың сәуірінде өтіп, мадридтіктердің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Матч Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Setanta Sports 2 телеарнасынан және аттас онлайн-платформадан көруге болады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie