Покателов ЛЧ плей-оффтағы «Сабах» матчының құрамында ойнай ма?
Израильдің Беэр-Шева қаласынан «Хапоэль» мен Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзірбайжанның «Сабах» клубы арасындағы Чемпиондар лигасы іріктеу плей-офф кезеңінің алғашқы матчының құрамдары жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық голкипер бұл матчты негізгі құрамда бастайды. Ол Чемпиондар лигасы іріктеуіндегі алдыңғы алты кездесуде де алаңға капитандық таңбасымен шыққан болатын.
Кездесу Румыния астанасы Бухаресттегі «Джулешти» стадионында өтеді. Астаналық уақыт бойынша 20 тамыз түнгі сағат 00:00-де старттық ысқырық естіледі, ал матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында қолжетімді.
- Сондай-ақ оқыңыз: Покателов Қазақстан құрамасында ойнаудан бас тартқаны туралы қауесеттерге пікір білдірді
Екі команда да Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне алғаш рет шығу үшін тарихи мүмкіндікті уысынан шығармауға тырысады. Бұған дейін бұл турнирдің басты кезеңінде не «Хапоэль», не «Сабах» ойнамаған.
Үшінші іріктеу кезеңінде Әзірбайжан чемпионы даттық «Орхус» командасын артта қалдырды. Алғашқы ойында 1:2 есебімен ұтылғанына қарамастан, өз алаңында «Сабах» даттықтарды 4:0 есеппен тас-талқан етіп, плей-оффқа сенімді жолдама алды.
