locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» «Қызылжарды» ірі есеппен жеңіп, ҚПЛ-дегі көшбасшылығын нығайтты

Шымкенттік ұжым жауапсыз үш гол соғып, ұпай санын 55-ке жеткізді және «Қайраттан» жеті ұпайға ұзап кетті
«Ордабасы» «Қызылжарды» ірі есеппен жеңіп, ҚПЛ-дегі көшбасшылығын нығайтты
ФОТО: Ордабасы ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
29.08.2026, Аяқт.
Ордабасы Шымкент
3
Кызылжар
0

Шымкенттік «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында өз алаңында «Қызылжарды» сенімді жеңді. Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері басымдықты алғашқы минуттардан-ақ өз қолына алды. Тоғызыншы минутта Лео Натель айып алаңына бағытталған пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Гол жіберіп алғаннан кейін «Қызылжар» ойынды өз қақпасынан алыстатуға тырысқанымен, үзіліске дейін таразы басын теңестіре алмады.

Екінші таймда «Ордабасы» шабуыл қарқынын күшейтіп, матч тағдырын толық шешті. 64-минутта Давид Абагна қақпашымен жеке-дара шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 76-минутта Эвертон үшінші голды соғып, есепті ірі нәтижеге жеткізді.

Қалған уақытта петропавлдықтар жауап голын таба алмады. Шымкенттік команда үш доп басымдығын сақтап, кезекті үш ұпайын еншіледі.

Қазақстан Премьер-лигасы. 24-тур
«Ордабасы» – «Қызылжар» – 3:0 (1:0)
Голдар:
Натель, 9 – 1:0; Абагна, 64 – 2:0; Эвертон, 76 – 3:0.

Осы жеңістен кейін «Ордабасының» ұпай саны 55-ке жетіп, команда турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Шымкенттіктер екінші орында келе жатқан «Қайраттан» жеті ұпай алда. Дегенмен алматылықтардың екі ойыны кем. Ал 23 ұпайы бар «Қызылжар» турнир кестесінің орта тұсында келеді.

24-турдың тағы бір кездесуінде «Жеңіс» өз алаңында «Алтайды» минималды есеппен ұтты. Матч тағдырын шешкен жалғыз голды 67-минутта Андрия Филипович соқты.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie