«Жетісу» «Қайсарды» ерік-жігер танытып жеңіп, ҚПЛ-дегі соңғы орыннан көтерілді
Талдықорғандық «Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы кейінге қалдырылған матчта қызылордалық «Қайсарды» ерік-жігер танытып жеңді. Алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі соңғы орыннан көтерілді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Талдықорғанда ҚПЛ-дың 23-туры аясында «Жетісу» мен «Қайсар» арасындағы кейінге қалдырылған матч өтті. Кездесу қонақтар үшін сәтті басталды. 11-минутта-ақ Нигерияның танымал футболшысы Виктор Мозес есеп ашты. Оның дәл соққысының арқасында қызылордалық команда алға шығып, бірінші таймда басымдыққа ие болды. Алайда үзілістен кейін алаң иелері ойын барысын өзгерте алды.
Екінші таймда талдықорғандық команда камбэк жасай алды. 71-минутта Шоқан Абзалов «Қайсардың» қақпасын дәл көздеп, есепті 1:1-ге жеткізді. Арада бес минут өткенде алаң иелері екінші голын соқты. 76-минутта Нұрберген Нұрбол «Жетісуды» алға шығарып, жеңіс голын авторына жазды. Осылайша, талдықорғандықтар 2:1 есебімен жеңілісті жеңіске айналдырды.
«Қайсарды» жеңу «Жетісуға» Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Матчтан кейін талдықорғандық команда 25 ұпай жинап, бір саты жоғары көтеріліп, соңғы орыннан кетті. Ал «Қайсар» 24 ұпаймен қалып, енді «Жетісудан» төмен орналасқан. Осылайша, алаң иелері маңызды жеңіске жетіп қана қоймай, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу жолындағы тікелей бәсекелесін басып озды.