Беллингем Англия құрамасы үшін таңғажайып рекорд орнатты
Джуд — 50 матчқа ең ерте жеткен ең жас ойыншы
Футбол
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Реал» шабуылшысы Джуд Беллингем Англия құрамасы үшін тарихи рекорд орнатты, деп хабарлайды Sports24.kz.
22 жас 359 күнінде Беллингем Англия құрамасы сапында 50 ойынға шыққан ең жас футболшы атанды. Джуд 2026 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің екінші турында Ганаға қарсы матчты бастап өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Англия мен Гана құрамалары L тобында, мұнда сондай-ақ Хорватия мен Панама командалары бақ сынауда. Бас бапкерлер матчқа старттық құрамдарын жариялады.
Ойынның басталу ысқырығы Қазақстан уақытымен 01:00-де естіледі. Тікелей эфир Qazsport арнасында көрсетіледі.
Айта кетсек, еуропалық та, африкалық та құрамалар мундиальдегі алғашқы турда жеңіске жетіп, үш ұпайдан иеленді.