«Қайраттың» ықтимал қарсыласы бұрынғы Қазақстан құрамасының бапкерін қызметінен шеттетіп тастады
Беларусьтік «МЛ Витебск» клубы бас бапкері Магомед Адиевтің команданың жаттығуларына қатысуын тоқтатқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Бұл шешімнің себептері ресми түрде айтылмағанымен, соңғы матчта қазіргі чемпион дербиде «Витебскке» 1:2 есебімен есе жіберіп, чемпиондық бәсекеде Минскінің «Динамосын» алға жіберіп алды. Қазір команда капитаны Сергей Баланович бас бапкердің міндетін уақытша атқарады.
Адиев «МЛ Витебск» клубында небәрі жеті матч өткізді: төрт жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліс тіркелген.
Айта кетейік, Беларусьтің қазіргі чемпионы — «Қайраттың» ықтимал қарсыласы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде.
Адиевтің өзі 2022-2024 жылдары Қазақстан құрамасын басқарды. Ол ұлттық команданың тізгінін ұстаған 20 матчта тарихи жетістікке қол жеткізіп, команда алғаш рет Еуропа чемпионатының іріктеу плей-офф кезеңіне шықты. Алайда жартылай финалда Қазақстан құрамасы Грекиядан 0:5 есебімен жеңіліп қалды.