Бублик пен Уильямс әпкелері Уимблдондағы жұптық турнирге уайлд-кард алды
2026 жылғы Үлкен дулығаның үшінші кезеңі — Уимблдон турнирінің ұйымдастырушылары негізгі кезеңге алғашқы уайлд-кард иегерлерін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ерлер арасындағы жұптық турнирде жеті қосымша орынның бесеуінің иегерлері белгілі болды, олардың бірі — Александр Бублик пен Австралиялық Ник Кирьос.
Әйелдер арасындағы жұптық сында Уильямс әпкелерінің өнері ерекше назарда. Серена мен Винус 2022 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет бірге кортқа шығады. Жалпы, олар жұптық жарыста 14 мәрте Үлкен дулыға турнирін, сондай-ақ Олимпиада ойындарының үш алтын медалін жеңіп алған.
Жұптық турнирдегі алғашқы титулын олар 1999 жылы, АҚШ-та өткен US Open жарысында жеңіп алған еді. Жақында Серена Лондонда өткен WTA 500 турнирінде канадалық Виктория Мбокомен бірге кортқа қайта оралды.