locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тунис Швециядан ойсырай ұтылған соң бас бапкерін жұмыстан шығарды

Африкалық құрама скандинавтарға 1:5 есебімен есе жіберді
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Француз маманы Сабри Лямуши Тунис құрамасының бас бапкері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы журналист Ромен Молина X әлеуметтік желісінде мәлім етті.

Тунис құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында Швециядан 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.

Лямуши Тунис құрамасының тізгінін 2026 жылдан бастап ұстаған. Бұған дейін француз маманы АПЛ мен Лига 1-де, сондай-ақ Кот-д’Ивуар ұлттық құрамасында бас бапкер болған.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтуде. Турнир 11 маусымда басталып, 19 шілдеде аяқталады. Әлемнің қазіргі чемпионы – Аргентина құрамасы.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie