locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

MLS тәртіптік комитеті Мессиге сұрақ қойды: не болды?

Қарсыласқа соққы — бақылау органдары назарынан тыс қалмайды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
MLS тәртіптік комитеті Мессиге сұрақ қойды: не болды?
ФОТО: Getty Images
МЛС АҚШ
19.08.2026, Аяқт.
Филадельфия Юнион
2
Интер Майами
2

MLS тәртіптік комитеті Лионель Месси мен Куинн Салливан арасындағы чемпионат ойынындағы оқиғаны тергей бастады — Майамидің «Интері» мен «Филадельфия Юнион» арасындағы матчта (2:2), деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойын барысында футболшылар арасында шиеленіс туындап, Месси қарсыласына шапалақпен соққы жасады. Бұл эпизодқа төреші назар аудармады, тек Салливанға ауызша ескертумен шектелді.

Алайда, бұл іс енді MLS-тің тәртіптік комитетіне жолданды. Лиганың ережелерінде қарсыластың бетіне, басына немесе мойнына қол тигізу үшін арнайы жаза қарастырылған:

«Тәртіптік комитеттің пікірінше, қарсыластың бетіне, басына және/немесе мойнына қол тигізген, оқиғаны өршітетін немесе ушықтыратын, не жаппай қақтығысқа қатысқан ойыншылар мен басқа тұлғаларға ең кемінде ақшалай айыппұл салынады».

Yahoo Sports болжамынша, бұл оқиға тек ақшалай айыппұлмен шектелуі мүмкін, Месси ойыннан шеттетілмейді.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie