locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Интер Майами» Мессидің әкесі қайтыс болғаннан кейінгі жағдайын айтты

Команданың бас бапкері Гильермо Ойос аргентиналық футболшының ауыр кезеңді қалай өткеріп жатқанын жеткізді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Интер Майами» Мессидің әкесі қайтыс болғаннан кейінгі жағдайын айтты
ФОТО: Getty images
МЛС АҚШ
19.08.2026, Аяқт.
Филадельфия Юнион
2
Интер Майами
2

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси әкесі Хорхе Месси қайтыс болғаннан кейін команда сапына қайта қосылып, жаттығуын жалғастырып жүр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Америкалық клубтың бас бапкері Гильермо Ойос аргентиналықтың ішкі күйзелісін айналасындағыларға көп көрсете бермейтінін айтты. Маманның сөзінше, Месси алаңда жинақы көрінеді және өзін сенімді сезінеді.

«Ол жақсы көрінеді. Лео алаңда өзін сенімді сезінеді, өйткені мұнда бәрі оған бес саусағындай таныс. Ол сабырлы және өз жұмысын жалғастырып жүр», - деп келтіреді Ойостың сөзін ESPN.

Аргентиналықтың командаласы Каземиро да Мессидің осындай ауыр кезеңдегі клубқа деген қарым-қатынасына тоқталды. Бразилиялық футболшының айтуынша, жеке басындағы қайғыға қарамастан, капитан командаға барынша беріліп, жоғары жауапкершілік танытып жүр. Каземиро мұндай қиын жағдайда футболшының өз міндетіне осынша адал болғанын бұрын көрмегенін атап өтті.

Хорхе Месси 8 тамызда 68 жасында өмірден өтті. Ол Лионель үшін ең жақын адамдардың бірі болып, ұлының кәсіби мансабының басым бөлігінде жанынан табылды.

Командаға оралғаннан кейін Месси гол соғып та үлгерді. Аргентиналық «Филадельфия Юнионға» қарсы матчта мергендік танытты, ал кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Бұл оның әкесі қайтыс болғаннан кейінгі алғашқы голы болды.

Алайда дәл осы матч Месси үшін тәртіптік жазаға да ұласуы мүмкін. Екінші таймда аргентиналық қарсыласы Куинн Салливанды ұрған эпизодқа байланысты Тәртіптік комитет шешім шығарады. Ең ықтимал жаза ретінде ақшалай айыппұл айтылып отыр, бірақ ереже бойынша бір матчқа шеттетілуі де мүмкін.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie