Мбаппе дублі және әлем чемпионатының ең ұзақ ойыны. Франция – Ирак матчының бейнешолуы
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Франция құрамасы Ирак ұлттық ұжымын төрт сағатқа созылған матчта 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ойынның 14-минутында есепті Килиан Мбаппе ашты. Оған нәтижелі пас берген – вингер Майкл Олисе. Бірінші тайм соңында Филадельфияда қатты жаңбыр жауып, екінші тайм екі сағатқа кейінге шегерілді. Үзілістен кейін Мбаппе Дебеледен келген пасты голға айналдырып, дубль жасады. 66-минутта кездесуге нүкте қойған – Усман Дембеле, осылайша соңғы есепті белгіледі. Екінші нәтижелі пас та Олисенің еншісінде.
Бұл жеңістің арқасында Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне ерте жолдама алды.
SportyTV дерегінше, бұл матч әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ ойын болды.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз: