Қазақстанда Франция – Норвегия матчының нәтижесін болжады
Танымал комментатор әрі жақында ғана «Астана» ФК-ның медиа-офицері болған Дмитрий Нестеренко Sports24.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында Франция мен Норвегия құрамалары арасындағы алдағы әлем чемпионатының топтық кезең матчына өз болжамын айтты.
Франция мен Норвегия құрамалары арасындағы матч 27 маусымда өтеді және қазақстандық уақыт бойынша түн жарымында басталады.
Бұған дейін Норвегия топтық кезеңнің екінші турында Сенегалды 3:2 есебімен жеңсе, «үш түсті» Иранды 3:0 есебімен ұтты. Бұл ойында мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе дубль авторы атанды.

Бапкерлер көшбасшыларын демалдыруы мүмкін бе?
«Екі команда да плей-оффқа жолдаманы алдын ала алып қойды, әрқайсысы алты ұпайдан жинады. Енді басты мәселе – қайсысы топтан бірінші шығады. Әрине, Франция да, Норвегия да топты бірінші болып аяқтауға талпынады, бірақ артық күш жұмсағысы келмейді. Бапкерлер құрамды ротациялап, біз нәтижелі әрі тартысты ойын көретін шығармыз. Менің ойымша, матч Франция құрамасының 3:2 есебіндегі жеңісімен аяқталады», – деді Дмитрий Нестеренко.

Бұған дейін Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанып, Австриямен өткен матчта дубльмен көзге түсті. Бұл жетістікке Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозе өз пікірін білдірді.