locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Англия құрамасының жұлдызы «Барселона» ұсынысынан бас тартты

Харри Кейн «Баварияда» өзін бақытты сезінеді
Англия құрамасының жұлдызы «Барселона» ұсынысынан бас тартты
ФОТО: Getty Images

Англия құрамасының және Мюнхеннің «Бавария» клубының жұлдызы Харри Кейн «Барселона» ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Каталониялық гранд трансферлік нарықта белсенді жұмыс жүргізіп, басты арманы — Чемпиондар лигасының кубогын иелену үшін құрамын айтарлықтай күшейтуді көздеп отыр. Алайда бұл мақсатқа жету оңай емес.

Sport басылымының мәліметінше, «Барселона» 32 жастағы Англия құрамасының және «Бавария» шабуылшысына «көк-гранаталықтардың» сапына ауысу туралы ұсыныс жасаған.

Алайда Кейн «Барселона» үмітін су сепкендей басып, өзінің Мюнхенде бақытты екенін және жақын арада клуб ауыстыруды ойламайтынын анық жеткізді. Бұдан бөлек, «Бавария» әлем чемпионатынан кейін Кейнге жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.

2025/26 маусымында шабуылшы «Бавария» сапында 51 ойын өткізіп, 61 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді — осылайша клубтың да, Бундеслиганың да үздік сұрмергені атанды.

Бұған дейін хабарланғандай, «Барселона» жұлдызды шабуылшыға рекордтық ұсыныс әзірлеп жатқан болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie