locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Холанд пен Райстан озып: «Брайтонның» 35 жастағы футболшысы АПЛ-дің үздік ойыншылары рейтингінде көш бастады

Германиялық жартылай қорғаушы Паскаль Гросс лига жұлдыздарын артта қалдырды
Футбол
Холанд пен Райстан озып: «Брайтонның» 35 жастағы футболшысы АПЛ-дің үздік ойыншылары рейтингінде көш бастады
ФОТО: x.com/Anpic4k

Беделді The Athletic басылымы маусым басындағы Англия Премьер-лигасының үздік ойыншылары рейтингін жариялады. Күтпеген жерден бірінші орынды «Брайтонның» 35 жастағы жартылай қорғаушысы Паскаль Гросс иеленіп, чемпионат жұлдыздары Эрлинг Холанд пен Деклан Райстан озып кетті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Германиялық футболшы осы маусымда он матч өткізіп, төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның ойыны футболшылардың қазіргі бабына қарай жасалған рейтингте көш бастауына мүмкіндік берді.

Екінші орынды лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Деклан Райс иеленсе, үздік үштікті «Манчестер Ситидің» шабуылшысы Эрлинг Холанд түйіндеді.

The Athletic нұсқасы бойынша АПЛ-дің үздік 10 ойыншысы:

  1. Паскаль Гросс (Жартылай қорғаушы, «Брайтон»);
  2. Деклан Райс (Жартылай қорғаушы, «Арсенал»);
  3. Эрлинг Холанд (Шабуылшы, «Манчестер Сити»);
  4. Эзри Конса (Қорғаушы, «Арсенал»);
  5. Эванилсон (Шабуылшы, «Борнмут»);
  6. Мартин Эдегор (Жартылай қорғаушы, «Арсенал»);
  7. Николас Джексон (Шабуылшы, «Астон Вилла»);
  8. Лука Вушкович (Қорғаушы, «Брайтон»);
  9. Барт Вербрюгген (Қақпашы, «Брайтон»);
  10. Габриэль (Қорғаушы, «Арсенал»).

Айта кетейік, Англия чемпионатының он турында «Арсенал» (27 ұпай) көш бастап келеді. 22 ұпайы бар «Брайтон» екінші орында, ал үздік үштікті 21 ұпай жинаған «Манчестер Сити» түйіндейді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie