«Манчестер Сити» жартылай қосалқы құраммен 55-минутқа дейін «Байерден» екі гол жіберіп алды
Пеп Гвардиоланың тәжірибесі әзірге оның жоспарына сай келмей жатыр
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар лигасындағы «Байерге» қарсы ойында «Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола негізгі ойыншыларын, мәселен Джанлуиджи Доннарумма мен Эрлинг Холандты, демалдырып, алаңға шығармады. Олардың жоқтығы «қалалықтарға» оңайға соқпай отыр.
55-минутқа дейін Гвардиола шәкірттері «Байерден» екі рет гол жіберіп алды. Бірінші таймның ортасында Алехандро Гримальдо есеп ашса, екінші тайм басында «фармацевтердің» басымдығын Патрик Шик еселеді.
Үзілістен кейін Гвардиола шабуылды күшейту үшін Фил Фоден мен Жереми Докуды алаңға шығарды, алайда әзірге бұл камбэк жасауға мүмкіндік беретіндей нәтиже көрсетіп отырған жоқ.