«Манчестер Сити» – «Байер». 26 қараша. Онлайн көру. Live көрсетілім
25-нен 26 қарашаға қараған түні Чемпиондар лигасының 5-турындағы ең қызықты кездесулердің бірі өтеді: «Этихад» аренасында «Манчестер Сити» мен Германияның «Байері» кездеседі.
Ағылшын алпауыты бұл матчқа дортмундтық «Боруссияны» 4:1 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін келіп отыр. Хосеп Гвардиола командасы топтық кезеңнің жоғарғы бөлігінде өз орнын нық сақтап, қазіргі таңда 10 ұпаймен 4-орында тұр.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Байер» алдыңғы турда «Бенфиканы» 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай олжалады. Маусымның басындағы тұрақсыздыққа қарамастан, команда біртіндеп қарқын алып келеді. Қазір «Байер» Чемпиондар лигасының жалпы рейтингінде 5 ұпай жинап, 21-орынға орналасқан.
Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады. Тікелей көрсетілім Qazaqstan телеарнасында.