Холанд та көмектесе алмады. «Манчестер Сити» «Байерден» ұтылып, Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңілісін қабылдады
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің бесінші турындағы матчта «Манчестер Сити» өз алаңында «Байерді» қабылдады. Қожайындар бұл кездесуге ең мықты құрамымен шықпады, ал немістің алып клубы осыны тиімді пайдаланды.
Джеймс Траффорд қақпасына алғашқы гол бірінші таймның ортасында Алехандро Гримальдоның аяғынан енді, ал екінші тайм басында Патрик Шик есепті еселей түсті. Алаңға қосымша күш ретінде Фил Фоден, Жереми Доку, Райан Шерки мен Эрлинг Холанд шыққанымен, олар да командасына кем дегенде бір гол соғуға көмектесе алмады.
Футбол. Чемпиондар лигасы, негізгі кезең, 5-тур
«Манчестер Сити» – «Байер» – 0:2
Голдар: Гримальдо, 23, Шик, 54
«Манчестер Сити» биылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады, ал «Байер» үш матч қатарынан жеңіссіз өткеннен кейін екінші рет қатарынан жеңіске жетті.