Винисиус «Реалдағы» сәтсіз маусым басын түсіндірді
Мадридтік «Реал» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниор клубтағы маусымды сәтсіз бастауының себептерін айтты, деп хабарлайды Sports24.kz FIFA-ға сілтеме жасап.
26 жастағы футболшы 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін дайындықтағы үйреншікті тәртібін өзгерткенін мойындады. Бразилиялықтың айтуынша, ұлттық құраманың турнирден ерте шығып қалуы оның психологиялық жағдайына қатты әсер еткен.
«Әлем чемпионатынан кейін жақсы дайындалмадым деп ойлаймын. Турнирден ерте шығып қалу бізге ауыр соққы болды. Демалысты тынығып, ойымды басқаға бұрып, отбасыммен көбірек уақыт өткізуге арнадым. Соның салдарынан бұрынғы жылдармен салыстырғанда аз жаттықтым», - деді Винисиус.
Шабуылшы мадридтік клубпен келісімшартты ұзарту төңірегіндегі жағдай мен басқа командалардың қызығушылығы да оның күйіне әсер еткенін атап өтті.
«Мен де адаммын, жиі қателесемін, бірақ әрдайым жақсаруға тырысамын. Мен 26 жастамын, сондықтан өмірдің қызығын да аздап көруім керек», - деп қосты футболшы.
Халықаралық үзіліс басталған тұста Винисиус осы маусымда «Реал» сапында 12 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген еді.
Бір қызығы, 17 қарашада бразилиялық Сингапурға қарсы жолдастық кездесуде хет-трик жасады. Шабуылшы 9, 16 және 21-минуттарда гол соғып, оның командасы 7:0 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл хет-трик Винисиус үшін Бразилияның негізгі құрамасындағы мансабындағы алғашқысы болды. Бұған дейін ол Жапониядан 2:3 есебімен жеңілген матчта дубль жасаған еді.
Осылайша, футболшы ұлттық құраманың қарашадағы екі матчында бес гол соқты.