locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Ұлттар лигасын жеңіссіз аяқтап, топта соңғы орын алды

Қазақстан құрамасы алты матчта небәрі үш ұпай жинап, Ұлттар лигасындағы өнерін бірде-бір жеңіссіз аяқтады
Футбол
ФОТО: KFF
УЕФА Ұлттар Лигасы. С Лигасы
16.11.2026, Аяқт.
Қазақстан
2
Словакия
2

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымын С дивизионының 3-тобында соңғы орынмен аяқтады. Алты кездесудің ешқайсысында жеңіске жете алмаған отандастарымыз небәрі үш ұпай еншіледі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Джон ван ’т Схип шәкірттері турнирдегі соңғы кездесуін 16 қарашада «Астана Аренада» Словакия құрамасына қарсы өткізді. Алаң иелері Ислам Чесноков пен Ян Вороговскийдің голдарының арқасында екі мәрте алға шыққанымен, басымдықты сақтап қала алмады. 95-минутта Адриан Капралик таразы басын теңестіріп, Қазақстанды жеңістен айырды. Қорытынды есеп – 2:2.

Дегенмен ұлттық құраманың турнирлік жағдайы тек соңғы матчта шешілген жоқ. Қазақстан футболшылары Молдоваға екі рет есе жіберіп, Словакияға қарсы сырт алаңдағы кездесуде де жеңіліс тапты. Ал Фарер аралдары құрамасын өз алаңында да, түзде де ұта алмады.

Осылайша, Қазақстан Ұлттар лигасындағы алты ойында үш рет тең түсіп, үш мәрте жеңілді. Топта 12 ұпай жинаған Словакия бірінші орынға ие болды. Одан кейін сегіз ұпаймен Фарер аралдары, жеті ұпаймен Молдова орналасты. Ал үш ұпай еншілеген Қазақстан төртінші сатыда қалды.

Соған қарамастан ұлттық құрама С дивизионындағы орнын сақтап қалады. Себебі УЕФА Ұлттар лигасының жарыс жүйесіне өзгеріс енгізді. 2028/29 жылғы маусымнан бастап турнир бұрынғы төрт дивизионның орнына үш дивизионнан тұрады. Жаңа ережеге сәйкес, С дивизионында үшінші және төртінші орын алған құрамалар төменгі деңгейге түспейді.

Нәтижесінде Қазақстан кезекті Ұлттар лигасын бірде-бір жеңіссіз аяқтап, топтағы үшінші орын иесі Молдовадан төрт ұпайға қалып қойды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie