locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктен кейін Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Турнирдегі алты матчтың қорытындысы бойынша қазақстандықтар үш рет тең түсіп, үш рет жеңіліске ұшырады
Футбол
ФОТО: КФФ

Қазақстан футбол құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде екі сатыға төмендеп, енді 119-орынға жайғасты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында ұлттық құрама Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті. Осылайша, турнирдегі алты кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандықтар үш рет тең түсіп, үш рет жеңіліске ұшырады, бірде-бір жеңіске жете алмады. Құрама топта соңғы орын алды.

Бұл команданың әлемдік рейтингтегі орнына әсер етті. Қазақстан 117-орыннан 119-сатыға сырғып, 1160,72 ұпай жинады. Ұлттық құраманың рейтингтегі көршілері — Мавритания (118-орын) мен Гвинея-Бисау (120-орын).

Қазақстанның ФИФА рейтингіндегі тарихындағы ең үздік нәтижесі — 2016 жылы қол жеткізген 83-орын. Ең нашар көрсеткіші — команда 1996 жылы тұрақтаған 166-орын.

ФИФА рейтингінің алғашқы ондығындағы өзгерістер

Әлемдік рейтингте 2004,48 ұпаймен Испания құрамасы көш бастап тұр. Алғашқы бестікке де өзгеріс енді: Марокко бесінші орынға көтерілсе, Португалия жетінші сатыға сырғыды. Бразилия алтыншы орында.

ФИФА рейтингінің үздік ондығы:

  1. Испания — 2004,48 ұпай;
  2. Аргентина — 1964,95;
  3. Франция — 1950,82;
  4. Англия — 1938,90;
  5. Марокко — 1805,34;
  6. Бразилия — 1800,36;
  7. Португалия — 1797,60;
  8. Бельгия — 1790,37;
  9. Нидерланды — 1782,43;
  10. Колумбия — 1738,36.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Схиппен келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болды. Бұл туралы Словакиямен өткен матчтан кейінгі күні ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді.

Федерация жаңа бас бапкерді іздеуге кірісіп кетті. Үміткерді таңдаудағы басымдықтардың бірі қазақстандық маман болады.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie