locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Келе ғой»: NHL жұлдызы Бубликпен болған жанжал туралы айтып берді

Ескі жанжал екі спортшының достығына себеп болды
Хоккей
ФОТО: Getty Images

«Юта» NHL клубының қорғаушысы Михаил Сергачев қазақстандық теннисші Александр Бубликпен әлеуметтік желіде болған жанжал туралы айтып берді. Ол кезде екі спортшы да жасөспірім еді. Кейін олар татуласып, дос болып кетті, деп хабарлайды Sports24.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.

Сергачевтің айтуынша, Бубликпен таныстығы әлеуметтік желілердің біріндегі тікелей эфир кезінде болған сөз қағысуынан басталған. Ол кезде хоккейші шамамен 15 жаста еді. Бублик Сергачевпен бір мектепте оқыған қыз туралы жағымсыз пікір айтқанын байқап, оған жазуды ұйғарған.

«Мен оған: “Келе ғой, әйтпесе өзім барамын”, — дедім. Әрине, ешқайда бармақ болған жоқпын. Ол кезде 15-тер шамасында едім. Ол Санкт-Петербургте, мен Нижнекамскіде тұрдым. Қысқасы, интернетте аздап сөзге келіп қалдық», — деп еске алды хоккейші.

Бірнеше жылдан кейін Сергачев теннис турнирі кезінде Бубликті кездейсоқ көріп қалады. Ол кезде ресейлік хоккейші NHL-де ойнап жүрген. Таныс жүзді таныған Сергачев ескі хат алмасуды тауып, теннисшіге бірінші болып жазған.

«Әрине, бұл өте күлкілі болды. Сөйлесіп кеттік, содан бері жақсы доспыз. Әлі күнге дейін араласып, хат жазысамыз», — деді Сергачев.

Еске сала кетейік, Михаил Сергачев 2024/25 маусымынан бері «Юта» сапында өнер көрсетіп жүр. Бұған дейін ол «Монреаль» мен «Тампа» клубтарының намысын қорғаған. Александр Бублик Қазақстан атынан сынға түседі және ATP рейтингінде 25-орында тұр.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie