locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бірде-бір жеңіссіз: Қазақстан құрамасы Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен қалай өнер көрсетті

Джон ван ’т Схиптің Қазақстан құрамасындағы жұмысының қорытындысы
Футбол
Бірде-бір жеңіссіз: Қазақстан құрамасы Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен қалай өнер көрсетті
ФОТО: KFF

Джон ван ’т Схип Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен бірде-бір жеңіске қол жеткізбестен кетеді. Нидерландтық маманның жетекшілігімен үш айда алты кездесу өткізген отандастарымыз мүмкін болған 18 ұпайдың үшеуін ғана еншілеп, Ұлттар лигасының топтық кезеңін соңғы орында аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

62 жастағы маман 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтың орнына тағайындалған еді. Оның алдына Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының В дивизионына қайта шығару міндеті қойылды. Алайда алғашқы кездесулердің өзі бұл мақсатқа жету оңай болмайтынын аңғартты.

Ван ’т Схип бас бапкер ретіндегі алғашқы ойынын Фарер аралдарына қарсы өткізіп, сырт алаңда 1:1 есебімен тең түсті. Бұдан кейін Қазақстан Словакиядан (1:2) және Молдовадан (1:2) жеңілді. Төртінші турда отандастарымыз Фарер аралдары құрамасын өз алаңында қабылдады. Сергей Малый мен Нұралы Әліптің голдарына қарамастан, кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Қарашадағы ойындар да көптен күткен жеңісті сыйламады. Қазақстан құрамасы алдымен Кишиневте Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберіп, соңғы турда Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Алты кездесуде Қазақстан сапынан алты футболшы мергендігімен көзге түсті. Нұралы Әліп пен Ислам Чесноков екі голдан соғып, командадағы ең нәтижелі ойыншылар атанды. Ал Темірлан Ерланов, Рамазан Каримов, Сергей Малый және Ян Вороговский қарсылас қақпасын бір реттен дәл көздеді.

Әсіресе Словакияға қарсы соңғы кездесу қазақстандық жанкүйерлер үшін өкінішті аяқталды. «Астана Аренада» өткен ойында Ислам Чесноков пен Ян Вороговскийдің голдарының арқасында алаң иелері екі мәрте есепте алға шықты. Нидерландтық маманның жетекшілігіндегі алғашқы жеңіске санаулы минуттар қалған еді. Алайда төреші қосқан бесінші минутта Адриан Капралик таразы басын теңестіріп, Қазақстанды үш ұпайдан айырды.

Матчтан кейін ван ’т Схип ұлттық құрама футболшыларына ойын қарқынын арттыру қажет екенін мойындады. Бапкердің пікірінше, әсіресе кездесулердің соңына қарай жоғары қарқынды сақтап қалу қазақстандық ойыншылар үшін басты қиындықтардың біріне айналған. Соған қарамастан, ол жас футболшылардың әлеуетін жоғары бағалап, жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс білдірді.

17 қарашада Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маманның қызметінен кететінін растады. КФФ мәліметінше, бұл мерзімінен бұрын жасалған отставка емес. Бапкердің келісімшарт мерзімі аяқталуға жақын, ал тараптар ынтымақтастықты жалғастырмау туралы шешім қабылдаған.

Осылайша, ван ’т Схиптің Қазақстандағы қысқа мерзімді жұмысы жеңіссіз аяқталды. Ұлттық құрама Словакия, Фарер аралдары және Молдовамен бір топта төртінші орын алып, жоғары дивизионға көтерілу міндетін орындай алмады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie