«Салават Юлаев» - «Барыс»: онлайн көру. ҚХЛ матчының LIVE-трансляциясы
Сәрсенбі, 18 қарашада, астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда уфалық «Салават Юлаевқа» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Уфада өтіп, Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
Жеке кездесудің қарсаңында командалардың көрсеткіштері бір-біріне өте жақын. 26 матчтан кейін «Барыс» 29 ұпай жинаса, «Салават Юлаев» 27 ойында 28 ұпайға ие болды.
Алдыңғы матчында астаналық клуб өз алаңында Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургті» 5:4 есебімен жеңді. Уфалықтар да соңғы кездесуінде жеңіске жетіп, өз алаңында «Адмиралды» 6:5 есебімен ұтты.
Осы маусымда қарсыластар Астанада кездесіп үлгерген. 9 қыркүйекте өткен ойын «Барыстың» 8:6 есебімен жеңісімен аяқталды.