«Лозанна» бапкері «Астананы» еурокубокта жеңуге не көмектескенін айтты
Швейцариялық «Лозаннаның» бас бапкері Петер Зайдлер Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы «Астанаға» қарсы жауапты матчтан кейінгі әсерімен бөлісті.
«Біз қақпашымыздың тамаша ойынына және, шынымды айтсам, аздап сәттілікке сүйене алдық. „Астана“ бізге біраз қиындық туғызды, матч қиын өтті, әсіресе бірінші таймда. Бірақ біз қысымға төтеп бердік. Тактикалық тәртіп пен бос аймақтарды жаба білу — біздің жеңісіміздің кілті болды. Бұл біз үшін алға жасалған маңызды қадам деп ойлаймын, ол бізге алдағы уақытта көмектеседі.
Сонымен қатар клуб пен қарсылас жанкүйерлеріне алғыс айтқым келеді — бізді жылы қарсы алды, үлкен құрмет көрсетті. Бұл екі тарап үшін де адал әрі нағыз спорттық ойын болды», — деді Зайдлер.
Қазақстандағы кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Екі ойынның қорытындысы бойынша швейцариялық команда 5:1 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Сондай-ақ Бабаян «Астананың» сәтсіздігін түсіндірді.