«Құйрығынан бір теуір Бабаянды қызметінен босату керек» - «Астанының» еурокубоктан ұшып кеткеннен кейінге жанкүйерлердің пікірі
14 тамыз күні Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундының қарымта матчында «Астана» өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» клубын қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберді.
Екі ойынның қортындысы бойыншы «Астана», «Лозаннаға» 5:1 есебімен жеңіліп Конференция лигасындағы жолын аяқтады.
Ірі жеңілістен кейін елордалық команданың жанкүйерлері, клубытың әлеуметтік желілерінде түрлі пікір қалдырған. Алайда, басым бөлігі бас бапкер Григорий Бабаянды қызметінен кетіру керек деп жазған.
4.voron есімімен Instagram желісінде тіркелген жанкүйер мынандай пікір қалдырған: «Увольняем Бабаяна и расстаемся с многими игроками. Иначе фанаты примут меры. План уже на столе». Ал tiley_offical19 желі қолданушысы «Бабаянды көтінен бір теуіп шығарып салатын біреу барма» - деп жазған.
Еурокубоктарда Қазақстаннан тек қана Алматылық «Қайрат» командасы қалды. 13 тамызда өткен ойында «Қайрат» пенальти сериясында «Слованнан» басым түсті. Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу үшін шешуші кездесуге дайындалуда. «Селтикпен» болатын матчтар 21 және 26 тамызда өтеді.