locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» Конференция лигасында рекорд орнатты

Клуб «Лозаннаға» қарсы қарымта ойында 27 мыңнан астам жанкүйер жинап, турдың ең көрермені көп матчын өткізді
«Астана» Конференция лигасында рекорд орнатты
ФОТО:FC Astana

UEFA Конференция лигасының 3-іріктеу кезеңінде жанкүйерлер ең көп жиналған матч – «Астана» мен швейцариялық «Лозанна» арасындағы кездесу болды. Елордадағы ойынға 27 985 адам келді.


Қазақстандық «Астана» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде көрермен саны бойынша барлық клубтан асып түсті. 27 985 жанкүйер клубтың «Лозанна» командасына қарсы қарымта кездесуін «Астана Аренада» тамашалады.

Бұл көрсеткіш аталмыш кезеңдегі ең жоғары нәтиже болды. Екінші орында шведтік «Хаммарбю» тұр – олардың ойынын 25 915 жанкүйер көрген. Үшінші орынды 20 456 адаммен түркиялық «Бешікташ» иеленді.

Міне, турдың ең көп жанкүйер жиналған 9 матчы:
«Астана» – «Лозанна» (27 985)
«Хаммарбю» – «Русенборг» (25 915)
«Бешікташ» – «Сент-Патрикс» (20 456)
«Хиберниан» – «Партизан» (19 377)
«Ягеллония» – «Силькеборг» (17 369)
«Бреннбю» – «Викингур» (17 329)
АЕК – «Арис» (15 221)
«Данди Юнайтед» – «Рапид» (12 336)
«Аустрия» – «Баник» (10 022)

Еске сала кетейік, бұл матчта «Астана» барын салғанымен, жалпы есепте «Лозаннаға» жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды. Соған қарамастан, клубтың жанкүйерлік қолдауы Еуропадағы ең жоғары деңгейде болғаны анық.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie