locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» үшін еурокубок маусымы аяқталды

Елордалық команда өз алаңындада жеңіске жете алмады
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Астана» үшін Еврокубок маусымы аяқталды
ФОТО: ФК Астана

Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундының қарымта матчында «Астана» өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» клубын қабылдап, 0:2 есебімен есе жіберді.

Кездесудегі есепті 48-минутта Беят Леквейри ашты. Көп ұзамай қарымта шабуылдардың бірінде Сулаймане Диакате есепті еселеді.

Елордалық команда ойынның алғашқы минуттарынан бастап қарқында шабуылдағандарымен қарсыластың қақпасын дәл көздей алмады.

Екі ойынның қортындысы бойыншы «Астана», «Лозаннаға» 5:1 есебімен жеңіліп Конференция лигасындағы жолын аяқтады. Швецарияда өткен ойында «Астана» сапында жалғыз голды Иван Башич салған болатын.

Еврокубоктарда Қазақстаннан тек қана Алматылық «Қайрат» командасы қалды. 13 тамызда өткен ойында «Қайрат» пенальти сериясында «Слованнан» басым түсті. Енді «Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығу үшін шешуші кездесуге дайындалуда. «Селтикпен» болатын матчтар 21 және 26 тамызда өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie