locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ливерпуль» түлегі «Ақтөбеге» ауысқаны жайлы пікір білдірді

Клуб ағылшын жартылай қорғаушысы Олувасейи Бабаджиде Оджомен келісімшартқа отырғанын жариялады
ФОТО: «Актобе»

«Ливерпуль» клубының түлегі Олувасейи Бабаджиде Оджо «Ақтөбеге» ауысқаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ағылшын жартылай қорғаушысы маусым соңында клубты еурокубоктарға шығару бағытында ең жоғары мақсаттар қойғанын айтты.

«Жалпы, бұл жақсы трансфер деп ойлаймын. Бұл іс күткенімізден ұзағырақ созылды, бірақ келісімді аяқтауға көмектескен командам мен агенттеріме алғыс айтамын. Бастапқыда клуб жайлы көп біле бермедім, бірақ ақпарат жинап, клуб туралы көбірек танысқан сайын мұнда болудың үлкен мәртебе екенін түсіндім. Клубқа одан да көп жетістік әкелемін деп үміттенемін.

Әр ойында бар күшімізді салып, жеңіске жетіп, еурокубоктарға шығуға тырысамыз. Маған мұндағы атмосфера мен стадион ерекше ұнайды, ал жанкүйерлер келген күннен бастап маған зор қолдау көрсетті. Олар алғыстарын айқын білдіреді, бұл әрдайым қуантады.

Мен де оларға алаңда сондай алғысымды қайтаруға тырысамын. Біз бірге болуымыз керек, әрдайым мықты болуға тиіспіз дер едім. Барлығы әрдайым мінсіз бола бермейді, бірақ бір-бірімізді қолдап, позитивті көңіл күйді сақтасақ, бәрі жақсы болады», — деді Оджо.

29 жастағы вингер — «Ливерпуль» академиясының түлегі. Ол мерсисайдтық ұжымның негізгі құрамында 13 матч өткізіп, бір гол соққан.

Кәсіби деңгейде жартылай қорғаушы Англияда «Уиган», «Вулверхэмптон», «Фулхэм», «Кардифф Сити» және «Миллуолл» сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ ол Францияның «Реймс», Шотландияның «Рейнджерс», Бельгияның «Кортрейк» және Словенияның «Марибор» клубтарының намысын қорғаған. Жазда «Марибордан» еркін агент ретінде кетті.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie