«Барселона» Ферран Торреске күтпеген ауыстырушы тапты
«Ювентустың» бұрынғы шабуылшысы Душан Влахович мансабын «Барселонада» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Sport басылымының мәліметінше, сербиялық шабуылшы биылғы жазда «Барселонаға» ауысуын жеңілдету үшін жалақысын азайтуға келіскен.
Шабуылшы сондай-ақ «Бешикташқа» ықтимал трансферін кейінге қалдырды. Түркиялық клуб оған қаржылай тартымды ұсыныс жасағанымен, футболшы Каталония астанасында мансабын жалғастыруға нақты мүмкіндігі бар екеніне сенімді болып отыр.
Алайда әзірге тараптар арасында түпкілікті келісім жоқ. Влаховичтің өкілдері каталондық клубпен байланысқа шыққанымен, «Барселона» әзірге мәмілені аяқтауға нақты қадам жасаған жоқ.
Айта кету керек, Влаховичтің «Ювентуспен» келісімшарты аяқталғандықтан, қазір ол еркін агент. Сондықтан «блауграна» сербиялық шабуылшы үшін трансферлік төлем төлемейді. Клуб оны жазда команданы тастап кеткісі келетін Ферран Торрестің ықтимал ауыстырушысы ретінде қарастыруда.
Еске салайық, жақында «Барселона» «жаңа Ямалдың» трансферін аяқтаған болатын.