locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» Сатпаевтің бәсекелесінің болашағына қатысты шешім қабылдады

Лондондық клуб Михаил Мудриктен болашақта үлкен үміт күтеді
ФОТО: Getty Images

«Челси» Дастан Сатпаевтің бәсекелесі Михаил Мудриктің болашағына қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Фабрицио Романоның мәліметінше, Лондон клубы украиналық вингерге болашақта сенім артып, оған мүмкіндік бермек.

«Челси Михаил Мудрикке оны командада қалдырғысы келетінін ашық айтты, бірақ оған көп еңбектеніп, клубтың деңгейіне сай екенін дәлелдеуі қажет.

Қазіргі уақытта "Челси" трансфер нарығындағы жоғары бағаға байланысты жұлдыз ойыншыларын сатуға өте сақ қарайды. Сондықтан Миша Лондонда ұзақмерзімді жобаның бір бөлігі болады», – деді Романо.

Бұған дейін Англия футбол қауымдастығы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің қатысуымен барлық тарап келісімге келіп, Мудриктің дисквалификациясы толық өтелгенін растады. Енді украиналық футболшы қазірдің өзінде жарыстарға қайта оралуына болады.

Айта кетейік, бұған дейін «Туран» командасының бапкері Виктор Кумыков Сатпаев Мудриктен мықты деп санайтынын және бәсекелестік жағдайда украиналық вингердің қосалқы құрамға өтуі немесе «Челсиден» кетуі мүмкін екенін жоққа шығармаған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie