Самородов «Ахматқа» «Спартактан» ұпай тартып алуға көмектесе алмады
«Ахмат» өз алаңында Мәскеудің «Спартак» клубын Ресей Премьер-лигасының екінші турындағы матчта қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Станислав Черчесовтың командасы Ресей футболының көшбасшысынан ұпай тартып алуға шақ қалды, бірақ оларға бұл мүмкін болмады.
5-минутта Эгаш Касинтура пенальтиден есеп ашып, грознендік команданы алға шығарды. Ал бірінші таймның соңына таман Кристофер Ву таразы басын теңестірді. Екінші таймға қосылған уақытта москвалықтар Барконың голының арқасында жеңісті жұлып әкетті.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов «Ахмат» сапында ойынды бастап, алаңда 61 минут өткізді, бірақ нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады және кейін ауыстырылды.
Қазақстандық тағы бір ойыншы Ғалымжан Кенжебек бұл ойынды толықтай қосалқы құрамда өткізіп шықты.
Екі турдан кейін РПЛ-де «Ахматтың» еншісінде бір ұпай болса, «Спартакта» алты ұпай бар.
РПЛ, 2-тур
«Ахмат» – «Спартак» 1:2
Голдар: Касинтура, 5 (пенальтиден) – Ву, 39, Барко, 90+1
Қызыл карточка: Касинтура, 76 («Ахмат»)