«Манчестер Сити» «Челсидегі» Сатпаевтің бәсекелесінің тосын трансферін дайындап жатыр
«Манчестер Сити» «Челсидің» вингері Педру Нетуға трансфер дайындап жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Манчестер Сити» трансферлік нарықта күтпеген қадамға барып, лондондық «Челсидің» португалиялық вингерін өз қатарына қосуға ниетті. Лондондықтар келіссөзге ашық, бірақ португал шабуылшысы үшін 70 миллион фунт стерлинг көлемінде өтемақы сұрайды.
«Ситидің» қызығушылығы түсінікті: Энцо Мареска Лондонда бірге жұмыс істеген кезде португалиялық фланг ойыншысының мүмкіндігін жақсы біледі және оның әлеуетін қаншалықты тиімді пайдалануға болатынын түсінеді. Дәл осы себепті «Манчестер Сити» жуырда мүмкін емес көрінген бұл мәмілені енді шындап қарастыруға дайын.
Ал «Челси» әзірге өз футболшысымен қоштасуға асығар емес және өз ұстанымын анық білдірді: егер шынымен де ірі ұсыныс түссе ғана келіссөз жүргізуге дайын. Бұл баға — клуб үшін пайда табудың немесе ойыншыны еш қиындықсыз сақтап қалудың жолы.
Айта кетейік, Нету «Челсиге» 2024 жылдың жазында «Вулверхэмптоннан» шамамен 60 миллион фунтқа ауысып, «көкшілермен» жеті жылдық келісімшартқа қол қойған. Англияға дейін португалиялық вингер «Спортинг» пен «Лациода» өнер көрсеткен, сондай-ақ ұзақ уақыт Португалия құрамасының шабуылдағы негізгі фланг ойыншысы болды.
Бұған дейін біз «Челсидің» Сатпаевтің тағы бір бәсекелесінің болашағына қатысты шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.