Міне, сенсация: Инфантино отставкаға кетуі мүмкін
Джанни Инфантино басқарып отырған ФИФА-да бұрын-соңды болмаған шиеленіс белең алып, ол өзі отставкаға кетудің алдында тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Белгілі инсайдер Бен Джейкобстың мәліметінше, ФИФА-ның бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктері ұйым президентін өз еркімен қызметінен кетуге шақыруда. Олар Инфантино бас тартса, сенімсіздік вотумы сөзсіз болады деп сенеді.
Инфантиноға қысым FIFA Forward Enterprise жобасы төңірегіндегі даудан кейін күрт күшейді. Бұл бастама жеке инвесторларды тартуды және ұйымның ірі турнирлеріндегі коммерциялық құқықтар үлесін сатуды көздеген еді.
Футбол конфедерацияларының қатаң сынынан кейін ФИФА бұл жобадан бас тартты. Алайда дағдарыс мұнымен аяқталған жоқ: УЕФА мен КОНКАКАФ ұйым басшылығына деген сенімсіздігін ашық білдіріп, енді ФИФА-ның ішінде де отставкаға шақырулар күшейе түсті.
Бұған дейін Қазақстан УЕФА мүшесі ретінде Инфантиноға байланысты әлем чемпионатын бойкоттайтыны хабарланған болатын.