Ламин Ямаль Испания құрамасының Ұлттар лигасындағы матчына қатыспайды
«Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль Испания құрамасына Ұлттар лигасының Чехияға қарсы алдағы матчында көмектесе алмайды. Футболшы Испания чемпионатында мадридтік «Атлетикомен» өткен кездесуден (2:1) кейін жарақат алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романoның хабарлауынша, 19 жастағы вингердің оң тізесінде мәселе туындаған. Медициналық тексеруден кейін ойыншыны қалпына келу үшін «Барселона» сапында қалдыру туралы шешім қабылданды.
Осылайша, футболшы 12 қарашаға жоспарланған Чехияға қарсы қонақтағы кездесуді өткізіп алады.
Ямаль алдағы күндері ұлттық құрамаға қосылып, 15 қарашада өтетін Англияға қарсы матчқа қатыса алады деп күтілуде.
Айта кетейік, «Атлетикомен» өткен матчта Ямаль нәтижелі пас берді. Каталониялық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осы жеңістің арқасында «Барселона» 33 ұпай жинап, турнир кестесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Мадридтік «Реал» 30 ұпаймен екінші орында, ал «Атлетико» 28 ұпаймен үшінші сатыда келеді.
Ферминнің дублі «Барселонаға» «Атлетиконы» жеңуге көмектесті: матчқа шолу