locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Винисиус Дубайда ерекше серуендеп, жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Мадридтік «Реал» жұлдызының жанында серуен кезінде жайлылығын қамтамасыз еткен тұтас көмекшілер тобы болды.
Футбол
Винисиус Дубайда ерекше серуендеп, жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)
Фото: Реал

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор Дубайда болған кезінде түсірілген ерекше видео тараған соң көптің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда 26 жастағы бразилиялықтың қаланың көшелерінің бірімен бірнеше адамның ортасында келе жатқаны көрінеді. Көмекшілерінің әрекеті ерекше көзге түсті: олардың бірі футболшыны күннен қорғау үшін басынан үлкен қара қолшатырды тастамай ұстап жүрсе, екіншісі «Реал» жұлдызына портативті желдеткішпен желпіп отырған.

Винисиустың алдында түсірілім тобының өкілдері де жүрді. Ерекше шеру футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар бразилиялыққа көрсетілген шектен тыс қамқорлықты күлкіге айналдырса, енді бірі жағдайға әзілмен қарады.

Винисиус Visit Dubai жарнамалық науқанына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Сапар «Реал» басшылығымен алдын ала келісілген және мадридтік клубтың коммерциялық міндеттемелеріне байланысты ұйымдастырылды.

Дубайға баруына байланысты бразилиялық 6 қарашада команданың жаттығуына қатысқан жоқ. Сонымен қатар футболшы Испания чемпионатының «Валенсияға» қарсы алдағы матчында дисквалификацияға байланысты ойнай алмайтын еді.

Айта кетейік, осы маусымда Винисиус «Реал» сапында барлық турнирде 12 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген.

Футболшының ерекше серуені түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, көптеген әзілге арқау болды.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie